«Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген. Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақаттарын келтірген.Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші өмір белгілерін бермегеніне көз жеткізген соң, оқиға орнынан бой тасалаған.Жәбірленуші ауыр дене жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған», - деп хабарлайды Бас прокуратура.Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаларға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды. Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды.
Бір адамды ұрып өлтірген күдіктілер Ресейден жеткізілді: олар өмір бойына сотталуы мүмкін
Адам өлтіру, тұрғынжайға кіруді бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адамме

Адам өлтіру, тұрғынжайға кіруді бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер 2023 жылдың қаңтарында Шымкент қаласында басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздық негізінде танысын өлтіруді жоспарлаған.
Related

News
25 people evacuated from faulty ferry on Lake Kopa in Kokshetau
Todayinfo редакциясы·

News
Алматыда бард-әнші Жақсыбек Қалелбектің «Жүрегімдегі кеңістік» атты авторлық ән-жыр кеші өтеді
Todayinfo редакциясы·

News
Олжас Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына салынатын инвестициялар ағынын ұлғайту жөніндегі шараларды талқылады
Todayinfo редакциясы·

News
Казахстан признан самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
Айдар Керім·