Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бірде бір рет ләззат алмадым»: Күйеуі қанағаттандыра алмаған семейлік әйел некені тоқтатты

Семей қаласының тұрғыны Айару есімді келіншек отбасын құрғанына жеті жылдан асса да, ерлі-зайыптылық өмірден бақыт таппағанын ашық айтты. Алып қашудан басталған тағдыр Айарудың айтуынша, ол небәрі 18 жасында күйеуге шыққан. Алайда бұл өз еркімен болған таңдау емес. «Ол мені алып

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бірде бір рет ләззат алмадым»: Күйеуі қанағаттандыра алмаған семейлік әйел некені тоқтатты
Семей қаласының тұрғыны Айару есімді келіншек отбасын құрғанына жеті жылдан асса да, ерлі-зайыптылық өмірден бақыт таппағанын ашық айтты.

Алып қашудан басталған тағдыр

Айарудың айтуынша, ол небәрі 18 жасында күйеуге шыққан. Алайда бұл өз еркімен болған таңдау емес. «Ол мені алып қашты. Бұрын-соңды ешкіммен қарым-қатынас құрып көрмеген едім. Көңілім де ауып тұрған болатын. Бірақ бәрі үйленген соң күрт өзгерді», – дейді ол.

Жан қинаған жеті жыл

Айару шын мәнінде күйеуін жек көрмейтінін, екі ұл тәрбиелеп отырғанын, тіпті күйеуінің отбасымен де жақсы қарым-қатынаста екенін айтады. Алайда отбасындағы бір маңызды мәселе – төсек қатынасы – олардың арасына сызат түсірген.
«Осы уақыт ішінде бірде-бір рет ләззат ала алмадым. Күйеуім жақсы адам, бірақ төсекте үйлесе алмадық. Жүйкем жұқарды, жыныстық өміріміз мүлде қанағаттандырмайды. Осыдан жанжал да жиілеп кетті», – дейді ол.

Айрылысу – жалғыз жол

Келіншек бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтынын, ерлі-зайыптылар арасындағы интимдік үйлесім – толыққанды отбасылық өмірдің маңызды бөлігі екенін алға тартты.
«Мен одан суып кеттім. Жаным жаралы. Енді ары қарай бұл некені сақтаудың еш мәні жоқ екенін түсіндім. Ажырасу – мен үшін жаңа өмірге қадам басу», – деп қорытындылады Айару.

Related

«Бірде бір рет ләззат алмадым»: Күйеуі қанағаттандыра алмаған семейлік әйел некені тоқтатты · Todayinfo