Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Біз сөйлемей жасаймыз»: Меруерт Түсіпбаеваға Баян Алагөзованың сіңлісі жауап берді

Қазақстандық белгілі продюсер, сазгер Бағым Мұхитденова Баян Мақсатқызы туралы мысқыл сөз айтқан Меруерт Түсіпбаеваға шүйлікті, деп хабарлайды Todayinfo . Әнші Меруерт Түсіпбаева продюсердің тарихи маңызы бар жобаларды қолға алуын сынға алған еді. Оның айтуынша, Баян Алагөзо

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Біз сөйлемей жасаймыз»: Меруерт Түсіпбаеваға Баян Алагөзованың сіңлісі жауап берді

Қазақстандық белгілі продюсер, сазгер Бағым Мұхитденова Баян Мақсатқызы туралы мысқыл сөз айтқан Меруерт Түсіпбаеваға шүйлікті, деп хабарлайды Todayinfo.

Әнші Меруерт Түсіпбаева продюсердің тарихи маңызы бар жобаларды қолға алуын сынға алған еді. Оның айтуынша, Баян Алагөзова қазақ тілін жетік меңгермеген, әрі ұлттық дәстүр мен мәдениетті терең түсінбейтін адам ретінде мұндай жауапты жобаларға жетекшілік етуге лайық емес.

Бұл пікірге Баянның сіңлісі, композитор және продюсер Бағым Мұхитденова қарсылық білдірді.

“Айтатын болсақ, бәрімізде ауыз бар. Бірақ маған әке-шешемнен ақылдылық дарыған. Біз сөйлемейміз, іспен көрсетеміз,” – деп жазды ол.

Related

«Біз сөйлемей жасаймыз»: Меруерт Түсіпбаеваға Баян Алагөзованың сіңлісі жауап берді · Todayinfo