Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы ұстанымы мен тұрмыстағы көзқарасын ашық бөлісті. Ол үй шаруасы тек әйелдің емес, ер мен әйелдің бірлескен жұмысы екенін айтып, ер адамдардың да ас үй мен мал шаруасына араласатынын мысалға келтірді. ұл туралы

Todayinfo.kz порталы жазды.
«Міне – біздің үйдің ұстанымы. Тәрбиеміз де осындай. Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі», – деп жазды әнші.
Алтынай Жорабаева үй шаруасына атсалыспайтын, “бұл – әйелдің жұмысы” деп қарайтын ер адамдарды сынға алды. Ол мұндай көзқарасты өзін-өзі бағаламайтын, толыққанды тәрбие алмаған ерлердің белгісі деп есептейді.
«Кейбір еркексымақтар бар ғой. “Қатынның тірлігі” деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын», – деді ол.
Жорабаева жуырда денсаулығына байланысты операциядан өткенін де айтып өтті. 28 сәуір күні жамбасына ота жасатқан әнші қазіргі уақытта ауылда, әкесінің көмегімен халық еміне жүгінуде.
«Сол кезде ауырғанды сездірмейтін дәрілер іштім. Ол бауырым мен бүйрегіме әсер етті. Ауылда әкемнің қайнатқан шөп шайларын ішіп жатырмын. Күнде ішкізіп, уақытын қадағалап отыр. Әкем – керемет жан. Анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады», – деп жазды әнші.