Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Бизнестегі серіктесін өлтіріп қашқан күдікті Ресейде ұсталды

Фото: Павлодар облысы ПД Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы бизнес серіктесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo. Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысынд

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Бизнестегі серіктесін өлтіріп қашқан күдікті Ресейде ұсталды
Фото: Павлодар облысы ПД Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстан азаматы бизнес серіктесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo. Оқиға биыл ақпанда Павлодарда болған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйіті табылған. Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталған.
"Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолданып жатыр. Осы жасалған қылмысты іске сәйкес 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

Related

Бизнестегі серіктесін өлтіріп қашқан күдікті Ресейде ұсталды · Todayinfo