Todayinfo.kz
NewsView all articles

Блогер Нұрдәулеттің анасы Құралай Анарбекова жайлы алғаш рет пікір білдірді

Бағдарлама барысында Нұрдәулеттің анасы көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, ұлының Құралай Анарбековамен қарым-қатынасы туралы өзі нақты білмейді және Құралаймен таныс емес. «Бұл сұрақ маған таңсық емес. Көпшілік Құралайды сұрайды. Ұлым маған үйленетін қызы

By Айғаным Нариманова··1 min read
Блогер Нұрдәулеттің анасы Құралай Анарбекова жайлы алғаш рет пікір білдірді
Бағдарлама барысында Нұрдәулеттің анасы көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, ұлының Құралай Анарбековамен қарым-қатынасы туралы өзі нақты білмейді және Құралаймен таныс емес.

«Бұл сұрақ маған таңсық емес. Көпшілік Құралайды сұрайды. Ұлым маған үйленетін қызымды туған күнімде таныстырамын деп уәде берген. Туған күнім өтті, бірақ әлі таныстырған жоқ. Балам жас емес, ақыл тоқтатқан азамат. Қандай шешім қабылдаса да, менің міндетім — қолдау көрсету. Отбасы болуына ықпал еткім келеді. Ал оның атағы, мансабы — мен үшін маңызды емес», – деді блогердің анасы.

Бағдарламада ол ұлының болашақ жары өзге ұлттан болмағанын қалайтынын да ашық айтты.

«Келіннің өз ұлтымыздан болғанын қалаймын. Өзіміздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, тәрбиемізді білетін адам отбасының негізін мықты ұстайды деп ойлаймын», – деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Нұрдәулет пен актриса әрі продюсер Құралай Анарбекованың көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

Related

Блогер Нұрдәулеттің анасы Құралай Анарбекова жайлы алғаш рет пікір білдірді · Todayinfo