Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынұлы»: Алашорда көсемдерін келеке қылған карикатура шықты

Әлеуметтік желіде Алаш арыстарына қарсы бағытталған кеңестік үгіт-насихаттық карикатура жарияланды. Бұл туралы Facebook желісінде педагог әрі қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, аталған карикатура 1920-жылдары Кеңе

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынұлы»:  Алашорда көсемдерін келеке қылған карикатура шықты

Әлеуметтік желіде Алаш арыстарына қарсы бағытталған кеңестік үгіт-насихаттық карикатура жарияланды. Бұл туралы Facebook желісінде педагог әрі қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, аталған карикатура 1920-жылдары Кеңес өкіметінің тапсырысымен салынған. Суреттің авторы — И. Савельев (1926 жыл).

Карикатурада Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және Ахмет Байтұрсынұлы аттың орнына жегілгендей, яғни еңкейіп, «байдың» арбасын сүйреп келе жатқан кейіпте бейнеленген. Суреттің астында «Байская тройка» («Байдың үштігі») деген жазу бар.

Бұл көрініс сол кезеңдегі большевиктік саяси идеологияны насихаттау мақсатында жасалған. Кеңес билігі Алаш зиялыларын «халық жауы», «бай-шонжарлардың мүддесін қорғаушылар» ретінде көрсетуге тырысты. Карикатурада оларды байдың жетегіндегі көлік немесе мал кейпінде бейнелеу арқылы қоғам алдындағы беделін түсіру көзделген.

Арбада отырған жуан, қамшы ұстаған адам ескі қазақ қоғамының — байлар мен билердің символы ретінде суреттелген. Оның патша үкіметінен алған медалі бар. Бұл арқылы «Алаш қайраткерлері — ескі жүйенің қалдығы» деген астарлы ой берілген.

Аталған карикатура 1920-жылдардың ортасында, Алаш қайраткерлеріне қарсы саяси қысым күшейіп, оларды «халық жауы» ретінде айыптау науқаны басталған тұста жарық көрген. Мұндай суреттер сол кезеңдегі баспасөз беттерінде жиі жарияланып, халық санасында зиялыларға деген теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

Бұл бейне — қазақ зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы күресінде қандай ауыр рухани және саяси қысымға ұшырағанының тарихи дәлелдерінің бірі.

Related

«Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынұлы»: Алашорда көсемдерін келеке қылған карикатура шықты · Todayinfo