Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі қызметіне келді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол Президенттің кеңесшісі, Энергетика министрі қызметтерін атқарып, “ҚазМұнайГазда” жұмыс істеген.
Білімі бойынша экономист, еңбек жолын мұнай-газ саласындағы компанияларда бастап, кейін мемлекеттік қызметке ауысқан.
Ақшолақов әр жылдары мұнай-газ және энергетика саласында түрлі басшылық қызметтер атқарды. Ол ҚазМұнайГаз құрылымдарында жұмыс істеп, сондай-ақ энергетика саласындағы бірқатар жобаға жетекшілік етті.
Мемлекеттік қызметте ол энергетика министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары сияқты лауазымдарда болды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының энергетика министрі қызметіне тағайындалып, елдің отын-энергетика кешеніне қатысты мәселелермен айналысты.
Болат Ақшолақов – атыраулық. Ол қазақстандық геологиялық барлау саласының негізін қалаушылардың бірі Орал Ақшолақовтың ұлы.




