Борттағы адамдардың барлығы қаза тапты: Францияда ұшақ тұрғын үйлерге құлады
Францияның орталық-солтүстігінде туристік ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo. BFMTV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Эр-э-Луар департаментінде болған. Cessna 172 үлгісіндегі туристік ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаға

Францияның орталық-солтүстігінде туристік ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
BFMTV телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға Эр-э-Луар департаментінде болған. Cessna 172 үлгісіндегі туристік ұшақ тұрғын үйлер орналасқан ауданға құлаған. Абырой болғанда, үйлер бүлінбеген, тек бір тұрақта тұрған автокөлікке зақым келген.
Ұшақ бортында үш адам болған — барлығы қаза тапты.
Апатқа ұшыраған әуе көлігі жергілікті әуеклубқа тиесілі болған және оқу немесе экскурсиялық рейс орындауы мүмкін деген болжам бар.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін Францияның әуе көлігі жандармериясы (GTA) мен ұлттық полициясы тергеуге кірісті. Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы анықталып жатыр.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·