View this post on Instagram
Борттағы жолаушылар өртеніп кеткен: Жүріп бара жатқан көліктердің үстіне ұшақ құлады (ВИДЕО)
Италияда ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Оқиға Фенили Беласи қалашығына жақын маңдағы жолаушылар көп жүретін автотрассада болған. Жеңіл моторлы ұшақ зулап бара жатқан көліктердің үстіне құлаған. Brescia Today басылымының м

Италияда ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Оқиға Фенили Беласи қалашығына жақын маңдағы жолаушылар көп жүретін автотрассада болған. Жеңіл моторлы ұшақ зулап бара жатқан көліктердің үстіне құлаған.
Brescia Today басылымының мәліметінше, апат кезінде ұшақ бортында 75 жастағы қария мен 60 жастағы әйел болған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Марқұмдардың денесі өртеніп кеткен ұшақ фюзеляжының ішінен табылған.
Апат салдарынан жеңіл автокөлік пен жүк көлігіне де зақым келген. Машинадағы жолаушылар да жарақат алған.
Ұшақтың не себептен құлағаны әзірге белгісіз. Оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Видеодан скриншот
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·