-«Dream House CG» ЖШС жобасы — мемлекеттік қолдаудың кіші және орта бизнес үшін қаншалықты маңызды екенін көрсететін тамаша мысал. Гранттар, субсидиялар және басқа да қолдау шаралары кәсіпкерлерге қаржылық және ұйымдастырушылық қиындықтарды жеңуге ғана емес, сонымен қатар экономиканың негізгі салаларын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Мұндай табысты мысалдар басқа кәсіпкерлерді ынталандыруға себеп болып отыр, — дейді БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев.Жоба шеңберінде компания 5 миллион теңге алды. Бұл қаражат жабдық сатып алуға, өндірістік базаны әзірлеуге және өндіріс процесін оңтайландыруға жұмсалды. Нәтижесінде жоба сәтті жүзеге асырылып, қазіргі таңда компания айына 4000 дана арболит блоктарын өндіреді. Бұл жергілікті құрылыс компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, 4 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
БҚО-да арболит блоктары өндірісі жақсы жолға қойылған
Кіші және орта бизнес - Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға, жаңа технологияларды дамытуға және салық түсімдерінің артуына ықпал етеді. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет бизнес жүргізу ортасын жақсартуға бағытталған көптеген шараларды ұс

Кіші және орта бизнес - Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға, жаңа технологияларды дамытуға және салық түсімдерінің артуына ықпал етеді. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет бизнес жүргізу ортасын жақсартуға бағытталған көптеген шараларды ұсынып отыр, деп жазады Todayinfo.
Олар: несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерге субсидиялар беру, кепілдік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік гранттар бөлу.
Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қолдаудың жарқын мысалдарының бірі — «Dream House CG» ЖШС жүзеге асырған «Арболит блоктарын өндіру» жобасы. Бұл жоба Қазақстанның құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосты. Себебі, арболит блоктары экологиялық таза әрі энергия үнемдейтін құрылыс материалы, ол нарықта барған сайын сұранысқа ие болуда.
Related

West Kazakhstan
БҚО - да студенттер экологиялық сағат өткізді
Жаннұр Еділбаева·

West Kazakhstan
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаннұр Еділбаева·

West Kazakhstan
Батыс жұртын өлеңімен тамсандырған: Алтайдың ақ самалы Ақжайықта есті
Айдар Керім·

West Kazakhstan
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
Todayinfo Admin·