"Жаңа BRT, LRT және метро желілерін ашу заманауи мегаполистің талаптарына сай келетін қалалық ұтқырлықтың тиімді моделіне көшуге мүмкіндік береді. Осы орайда «Қалқаман» жаңа метро станциясын ашып, метрополитеннің «Барлық» базарына дейінгі үшінші кезегін салу жұмыстарын бастау керек. Сондай-ақ метроны солтүстік және шығыс бағыттарда дамыту жобаларын жүзеге асыруға кірісу жоспарланып отыр", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың көлік жүйесін дамыту жөніндегі жобаларды қолдайтынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл жобалардың іске асырылуы Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізіп, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекет басшысы тиісті құжаттарды тез арада дайындап, жобаларды жүзеге асыруға кірісу керек екенін айтты.
BRT, LRT және метро: Тоқаев Алматыдағы жобаларды қолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыдағы қоғамдық көлікке қатысты ақпарат берілді, деп хабарлады Todayinfo агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген. "Жаңа BRT, LRT

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыдағы қоғамдық көлікке қатысты ақпарат берілді, деп хабарлады Todayinfo агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Төле би көшесімен өтетін және Алматының батысы мен шығысын жалғайтын LRT-нің (26 км) бірінші желісін іске қосу көзделген.
Related

AQORDA
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен сөйлесті
Айдар Керім·

AQORDA
Интеграцияға ашықпыз: Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Айдар Керім·

AQORDA
Ақниет және Бөрте: Тоқаев асыл тұқымды құлындарға есім берді
Айдар Керім·

AQORDA
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·