Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

Мысырда 13 жастағы жасөспірім әлеуметтік желідегі челлендждің құрбанына айналды. Ол достарымен бәстесіп, үш қаптама құрғақ кеспені пісірмей жеген, деп хабарлайды Todayinfo . Кеспені жеп болғаннан кейін жарты сағат өткенде баланың іші ауырып, терлеп, құса бастаған. Дәрігерлер оның

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бүйрек пен асқазанға зиян»:  Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

Мысырда 13 жастағы жасөспірім әлеуметтік желідегі челлендждің құрбанына айналды. Ол достарымен бәстесіп, үш қаптама құрғақ кеспені пісірмей жеген, деп хабарлайды Todayinfo.

Кеспені жеп болғаннан кейін жарты сағат өткенде баланың іші ауырып, терлеп, құса бастаған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқан, алайда жасөспірім көз жұмды.

Сараптама қорытындысы бойынша кеспе асқазанда тез ісініп, ішегін бітеп тастаған. Өнім сапа талаптарына толық сәйкес болып шыққан.

Мамандар соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында кеспені құрғақтай жеу әдетке айналып бара жатқанын айтады. Әсіресе әлеуметтік желідегі түрлі челлендждерге әуестенетіндер көп. Ол арзан әрі жеңіл тағам ретінде қабылданғанымен, ас қорыту жүйесіне үлкен қауіп төндіреді.

Фото: Freepik

Related

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті · Todayinfo