Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бүлікшіліктен не ұтамыз?»: ақын жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Ақын, драматург Иман-Ғайып Оразбаев Парламенттің енді “Құрылтай” деп аталуын қолдайтынын айтты, деп жазады T odayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның сөзінше, бұл қазақтың жүрегін жібітетін, жанын жаңартатын сөз. Ол сондай-ақ қазақ халқы барлық мәселені ақыл-оймен, кеңесу арқылы шеше

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
«Бүлікшіліктен не ұтамыз?»: ақын жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ақын, драматург Иман-Ғайып Оразбаев Парламенттің енді “Құрылтай” деп аталуын қолдайтынын айтты, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оның сөзінше, бұл қазақтың жүрегін жібітетін, жанын жаңартатын сөз. Ол сондай-ақ қазақ халқы барлық мәселені ақыл-оймен, кеңесу арқылы шешетінін алға тартты.
“Халық кеңесі” деп қойылып жатыр. Кеңестен артық не бар, бүлікшілік болғанда біз не ұтамыз? Сондықтан бізге керегі кеңесіп шешу, “Кеңесіп пішілген тон келте болмайды” дейді”, - деді ол.
Ақын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық бастамасына толық қосылатынын айтады.
“Вице-президент дегеніне де қосыламын. Бұл енді, өзінің ойы бар шығар, бірақ сол қызметте пісіп жетілген жастар ел басқарса жаман ба?! Бірақ бір нәрсені естен шығармау қажет, заң орындалуы керек”, - деді ол.
YouTube / AUEZOV THEATRE

Related

«Бүлікшіліктен не ұтамыз?»: ақын жаңа Конституцияны қолдауға шақырды · Todayinfo