Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын: Бүгін Асанәлі Әшімовтың туған күні

Осыдан 88 жыл бұрын (1937) қазақтың атақты актері, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді,деп хабарлайды Todayinfo. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Б

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын: Бүгін Асанәлі Әшімовтың туған күні
Осыдан 88 жыл бұрын (1937) қазақтың атақты актері, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді,деп хабарлайды Todayinfo. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы. 1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.
«Алғашқы жазғаным - Майраның әні. Майра кеткеннен кейін отырдым. Жазу арқылы Майрамен сөйлестім (Майра - Асанәлі Әшімовтің марқұм әйелі - ред.). Қайғы-қасіретті жазу арқылы шығарайын деп, сөйлесіп отырып жаздым. Екінші кітабым екі бала кеткен соң шықты. "Жан бөлек" деп аталады. "Шығарға жан бөлек" деген сөз ғой... Сегіз томдық кітабым шықты», - деді Әшімов.
Айта кетелік, Асанәлі Әшімов былтыр 85 жасқа толды. Ол 1993 жылы жұбайы Майраны жерлейді. Ал 1999 жылы екі ұлы - Сағи мен Мәди араға көп уақыт салмай көз жұмады.
«Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын. Кітап жаздым, оны роман етейін деп жазғаным жоқ. Майрамен әңгімелесейін деп жаздым. Екіншісі - "Жан бөлек" деп балаларға арнап жаздым. Үйде есікті іліп алып, айқайлаған кезім болды. Тауға шығып алып, Майра деп айқайлайтынмын. Сондай әрекеттермен аман қалдық. Ауырдық, ауруханаға түстік. Жан бөлек болғаннан кейін, тірі адам тіршілігін жасайды екен», - деді актер.
«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.    

Related

«Бұл сынақтан қалай өткеніме өзім де таңғаламын: Бүгін Асанәлі Әшімовтың туған күні · Todayinfo