"Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу ханымның басына салғанын, ешкімге салмасын. Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімде шығарған. Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып,бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай. Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап,қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас,десе де,Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық. Қарап отырсам жүйкесі жұқарып, денсаулығы да сыр берген. Менің көзімше қанша рет дәрі ішті. Жалғыздың үні шықпас,осы бағытта атқаратын ісімізге сіздерді4 қолдауларыңыз ауадай қажет. Ерім деген ел болмаса, елім деген ер болмас. Кезінде Шерзаттың ісінде өнер адамдары, блогерлер қайғылы оқиғаны көтеруден қашқақтап шет қалғандары естеріңізде шығар. Қарапайым халық челендж жасап, біразынан отписка жасағанда болатын. Таныс әншіден сұрағанымда, бізді жинап алып тыныш отырыңдар деген соң-отырдық деп жауап бергені бар еді", - деп жазды ол.
«Бұл жағдайды ешкімнің басына бермесін»: Марқұм Шерзаттың адвокаты Арман Дүйсеновтің әйеліне көмектеспек
Фото: коллаж Todayinfo.kz Белгілі заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына құқықтық қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Заңгердің айтуынша, Айсұ

Фото: коллаж Todayinfo.kz
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына құқықтық қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Заңгердің айтуынша, Айсұлумен сөйлескеннен кейін істің бірқатар күмәнді тұстары анықталған.
Related

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·