Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Дағыстандағы трагедия: Қазақстан азаматтары апатқа түсіп, төртеуі тіл тартпай кетті

Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп жазады Todayinfo ақпарат порталы "Московский комсомолец"  басылымына сілтеме жасап.  Дағыстанның Тарумов ауданында қайғылы оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – балалар. Қ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Дағыстандағы трагедия: Қазақстан азаматтары апатқа түсіп, төртеуі тіл тартпай кетті
Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп жазады Todayinfo ақпарат порталы "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап.  Дағыстанның Тарумов ауданында қайғылы оқиға орын алып, 4 адам қаза тапты. Оның екеуі – балалар. Қайғылы оқиға 22 шілдеде Астрахань-Махачкала федералды тас жолының бойында болған. Зардап шеккендердің барлығы Кочубеев медициналық-санитарлық бөлімшесіне жеткізілді. Қазір екі науқас ауыр хәлде жатыр. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек Удмуртияның тұрғындары да бар.
"Зардап шеккендерді тікұшақпен Махачкала жеткізу жоспарлануда", – деп хабарлады Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Related

Дағыстандағы трагедия: Қазақстан азаматтары апатқа түсіп, төртеуі тіл тартпай кетті · Todayinfo