Todayinfo.kz
NewsView all articles

Дана Нұржігіт қартайғанда күйеуге тиген анасымен мақтанды

Әлеуметтік желіде белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің парақшасында әсерлі жазба жариялап, ата-анасының өмір жолына, өнерге деген адалдығына, рухани жігеріне шынайы сүйіспеншілігін білдірді,деп хабарлайды Todayinfo. Ол жазбасында анасымен және ағасымен мақтанып, олардың қар

By Айғаным Нариманова··2 min read
Дана Нұржігіт қартайғанда күйеуге тиген анасымен мақтанды
Әлеуметтік желіде белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің парақшасында әсерлі жазба жариялап, ата-анасының өмір жолына, өнерге деген адалдығына, рухани жігеріне шынайы сүйіспеншілігін білдірді,деп хабарлайды Todayinfo. Ол жазбасында анасымен және ағасымен мақтанып, олардың қартайған шағында да қоғамға, сахнаға қызмет етіп жүргенін баяндады.
«Менің анам Күнсұлу Ермаханова, жолдасы – ағамыз Қанат Құлымжанов – Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының зейнеткерлері. Анам биыл 75-ке толады, Қанат ағамыз 82-де. Екеуіне тамсанбау мүмкін емес», – деп жазды тележүргізуші.
Тележүргізушінің айтуынша, Күнсұлу Ермаханова мен Қанат Құлымжанов Алматы қаласының Наурызбай ауданында халық ансамблін ұйымдастырып, зейнет жасындағы жандарды өнерге баулып келеді. Қанат Құлымжанов «Домалақ ана» туралы либретто жазып, оны сахнаға алып шыққан.
«70-тен асқан ардагерлер, арасында өнерге мүлде қатысы болмаған, зейнетке шыққанда арманына жетіп, сахна төрін бермейтін Diva-лар мен Маэстролар көп. Тамсанам, үйренем», – деп жазды ол.
Тележүргізуші ата-анасының сырқаттарына қарамастан, сахнаға шығуға, кездесулерге баруға ынталы екенін атап өтті. Олар мектеп оқушыларымен кездесулерге, той-томалақтарға қатысып, әрдайым белсенді өмір салтын ұстанып келеді. «Ауырады әрине! Бірақ дертке дес бермей, сахнаға шығу керек, кездесу, тойда ән шырқап берсеңіз десе – атып тұрып, костюмдерін киіп сақадай сай тұрады», – дейді ол. Жазбаның соңында тележүргізуші ата-анасына деген сүйіспеншілігін жүрекжарды сөздермен жеткізді. Ата-анасының өмір сүруге деген құштарлығы мен мейірімі оны өмірдің қиын сәттерінде жігерлендіретінін жазды. «Оларға қарап мен сынбауға тырысамын, өзімді бала көретін сәтім болады... “Дәкәбай, қалайсың, жаным?” деп сұрайтын адам азайып барады», – деп түйіндеді ол жазбасын.    

Related

Дана Нұржігіт қартайғанда күйеуге тиген анасымен мақтанды · Todayinfo