Todayinfo.kz
NewsView all articles

Депутат Темір Қырықбаев Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарсы жасалған шабуылға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Руслан Берденов – біздің бұрынғы әріптесіміз. Оның тезірек сауығып, денсаулығының қа

By Айғаным Нариманова··1 min read
Депутат Темір Қырықбаев Берденовке  жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарсы жасалған шабуылға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Руслан Берденов – біздің бұрынғы әріптесіміз. Оның тезірек сауығып, денсаулығының қалпына келуіне тілектеспін. Біз бірлесіп біраз жобаларда жұмыс істедік. Ол – белсенділігімен көзге түскен азамат. Кезінде түрлі ұсыныстарын ортаға салып, бастамашыл қырынан танылған», – деді депутат Қырықбаев.

Темір Қырықбаев қазіргі таңда ресми тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жағдайға қатысты түрлі ақпараттар медиада тарап кеткенімен, тексеріс толық аяқталғанға дейін нақты қорытынды жасау ерте.

«Әзірге нақты шешім айту мүмкін емес. Тергеу жұмыстары толық біткеннен кейін ғана мәселенің анық-қанығы белгілі болады. Бастысы – әріптесіміздің сауығып кетуі», – деді ол.

Related

Депутат Темір Қырықбаев Берденовке жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді · Todayinfo