Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Депутаттың тоқалы ой түйді»: Нұрайым Шақимерген ес жинап, елге ақыл айтты

Фото: politico.kz Жас депутат Нұрайым Шақимерген бүгін өткен Ұлттық құрылтайды бір күндік жиын емес, қоғамның өзіне-өзі қойған терең әрі маңызды сұрағы ретінде бағалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, құрылтай барысында «біз не істеп жүрміз, қайда б

By Айғаным Нариманова··2 min read
«Депутаттың тоқалы ой түйді»: Нұрайым Шақимерген ес жинап, елге ақыл айтты

Фото: politico.kz

Жас депутат Нұрайым Шақимерген бүгін өткен Ұлттық құрылтайды бір күндік жиын емес, қоғамның өзіне-өзі қойған терең әрі маңызды сұрағы ретінде бағалады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, құрылтай барысында «біз не істеп жүрміз, қайда бара жатырмыз, жауапкершілік кімде?» деген сауалдар ашық көтерілді. Бұл – қоғам үшін өзекті әрі уақыт талабынан туындаған мәселелер.

Нұрайым Шақимерген құрылтайда тек талап қоюмен шектелмей, әр тараптың жауапкершілігі қатар талқыланғанын атап өтті. Мемлекет өз тарапынан мүмкіндік пен жағдай жасауы тиіс, ал қоғам, соның ішінде жастар, сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана білуі қажет. Оның пікірінше, бұл – әділ әрі теңгерімді ұстаным.

Жастар тақырыбы қозғалған кезде де нақты ұғымдарға басымдық берілді. Еңбек, тәртіп, білім және жауапкершілік мәселелері ашық айтылды. Қоғамды өзгерту үшін ниет қана емес, нақты әрекет қажет екені ерекше атап өтілді.

Қорытындылай келе, ол ел тағдыры бір ғана тараптың мойнында емес екенін айтты. Мемлекет те, халық та – біртұтас. Алға жылжу әр азаматтың өзінен басталады. Осындай ашық әрі мазмұнды құрылтайлар қоғам үшін аса қажет деп есептейді.

Related

«Депутаттың тоқалы ой түйді»: Нұрайым Шақимерген ес жинап, елге ақыл айтты · Todayinfo