Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды (ВИДЕО)
Қазақстанның Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесін экстрадициялағанын мәлімдеді. «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен (Дубай қаласы) Қазақстанға қайтарылды,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ресми мәл

Қазақстанның Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесін экстрадициялағанын мәлімдеді. «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен (Дубай қаласы) Қазақстанға қайтарылды,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, күдікті 2022 жылғы 5–7 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен жаппай тәртіпсіздіктерге Жұмагелдиевтің қылмыстық құрамында белсенді түрде қатысқан.
Қылмыс жасалғаннан кейін ол Қазақстаннан тыс аумаққа кетіп, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті БАӘ аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалған.
Бас прокуратура мәліметінше, күдіктіге тағылған айып бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·