Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
Фото: ҚР СІМ Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның Мехикодағы Елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Димаш Құдайберген Мехикоға 8 және 10 қазанда өткен конц

Фото: ҚР СІМ
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның Мехикодағы Елшілігінде болып, қазақстандық диаспора өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Димаш Құдайберген Мехикоға 8 және 10 қазанда өткен концерттік қойылымдар аясында келді. Әншінің қойылымдары 25 мыңнан астам көрермен жинап, Латын Америкасындағы жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды.
Тур барысында Қазақстан Республикасының ізгі ниет Елшісі ретінде әртіс өңірдегі еліміздің мәдениеті мен тарихын белсенді түрде насихаттады.
Қазақ дәстүрі мен мәдениетін ілгерілету аясында Елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойнап, сондай-ақ бір жасар қазақстандық Халид Йылдыздың «тұсаукесер» рәсімі кезінде оған батасын берді.
Сонымен қатар, БҰҰ жанындағы Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет Елшісі ретіндегі миссиясы аясында Димаш Құдайберген соғыстың жойқын салдары туралы тоқтала келе, бейбітшілікке, өзара түсіністікке және қақтығыстардың алдын алу және тұрақтылықты ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігер біріктіруге шақырды.
Жанкүйерлер әншіге, оның отбасы мен командасына терең ризашылық білдіріп, көптеген кәдесый мен тәттілер сыйлады.
Related

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·