Димаш Құдайбергенге Латвияның құнды жәдігері сыйға тартылды
Фото: dimashnews.com Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап — коклені сыйға тартты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кокле — ежелгі музыкалық аспа

Фото: dimashnews.com
Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап — коклені сыйға тартты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Кокле — ежелгі музыкалық аспап. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, оның пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен.
Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады.
Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген.
Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.
Related

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·