Бағым Мұхитденова «Песни» музыкалық жобасында айтылған пікірдің нақты әнге арналғанын атап өтті. Ол Димаштың орындаған туындысын кәсіби тұрғыдан орта деңгейлі деп бағалаған.«12 жыл өтсе де, бұл тақырып әлі қозғалады. Бұл маған күлкілі. Шын мәнінде, менің толық ойым емес, тек бір сөйлем ғана тарап кетті. Соның нәтижесінде мен Димашқа жоғары нотамен ән айтуға тыйым салғандай болып көріндім. Негізі, мен сол әнде шыңғырудың қажеті жоқ екенін айттым», – деді ол.
Продюсер кей тыңдармандар тарапынан айтылған «кешірім сұра» талаптарына да жауап берді. Оның пікірінше, сын нақты бір адамға емес, шығармашылық жұмысқа бағытталған.«Бұл – жай ғана менің кәсіби пікірім. Әннің өзі тым қарапайым әрі талғамсыз таңдалған деп есептеймін. Егер ән сапалы болса, ол шын мәнінде хитке айналар еді. Бірақ бұл орын алған жоқ. Сондықтан өз пікірімнен бас тартпаймын», – деді продюсер.
«Маған ‘кешірім сұра’ дегендер бар. Бірақ не үшін екені маған түсініксіз. Мен Димаштың орындау қабілетіне емес, нақты бір әннің сапасына қатысты пікір білдірдім. Бұл жеке тұлғаға бағытталған сын емес», – деп нақтылады ол.
@talk_like #amantasygan #рекомендации #talk_like #rek ♬ оригинальный звук - AMAN TASYGAN LIVE




