Todayinfo.kz
NewsView all articles

Дүниеге талас: танымал экономист туған балаларының атасын ұзақ жылға соттатып жіберді

Қоғам белсендісі, «Немолчи» қорының жетекшісі Динара Смаилова экономист Олжас Құдайбергеновтің қайын атасы 7 жылға сотталған іс бойынша мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қарт адам жеке пайдасы үшін емес, өз немерелерінің жағдайын ойлап, күйеу баласынан балаларды асырауға қаржы тал

By Айғаным Нариманова··2 min read
Дүниеге талас: танымал экономист туған балаларының атасын ұзақ жылға соттатып жіберді
Қоғам белсендісі, «Немолчи» қорының жетекшісі Динара Смаилова экономист Олжас Құдайбергеновтің қайын атасы 7 жылға сотталған іс бойынша мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қарт адам жеке пайдасы үшін емес, өз немерелерінің жағдайын ойлап, күйеу баласынан балаларды асырауға қаржы талап еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Динара Смаилова бұл істі әлеуметтік желідегі парақшасында егжей-тегжейлі баяндап, істің әділдігіне күмән келтірді. «Қайын ата немерелері үшін ақша сұрады» Қор жетекшісінің жазуынша, сот қарт ер адамның әрекетін «үшінші тұлғалар үшін ақша бопсалау» деп бағалаған. Алайда бұл «үшінші тұлғалар» - заңды некеде дүниеге келген балалары мен олардың анасы болған.
«Ақша байып қалу үшін емес, туған немерелерінің күнкөрісі үшін талап етілді. Соған қарамастан, қарт адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп жазды Смаилова.
Оқиға қалай басталды? Белсендінің айтуынша, оқиға 2023 жылдың қарашасында қоғам назарына қайта шыққан. Сол кезеңде елде Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс қызу талқыланып жатқан тұста Қазақстан азаматы Мөлдір Қабылова өзінің танымал экономист Олжас Құдайбергеновпен некесі жайлы ашық мәлімдеген. БАҚ дерегінше, Олжас Құдайбергенов әр жылдары экономист ретінде танылып, екі жыл бойы Қазақстан президентінің кеңесшісі болған. Оның есімі мемлекеттік және сараптамалық ортада жиі аталған. Динара Смаилованың жазуынша, Мөлдір Қабылова отбасындағы жағдайды көпке дейін жария етпеген. Алайда бір күні оның жасы келген әкесі түрмеге қамалған соң, үнсіз қалу мүмкін болмай қалған. «Ажырасу оңай болмайтынын білдім, бірақ мұншалықты деп ойламадым» 2023 жылы өткен баспасөз конференциясында Мөлдір Қабылова күйеуімен ажырасу процесінің ауыр өткенін мәлімдеген. Оның сөзінше, 10 жылдық ресми неке мен төрт баланың болуы ер адамды қудалаудан тоқтатпаған.

Related

Дүниеге талас: танымал экономист туған балаларының атасын ұзақ жылға соттатып жіберді · Todayinfo