Дубайдағы дода: арабтар Өзбекстанның 8 адамын өмір бойына соттап жіберді
Дубайда төбелеске қатысқан алты өзбекстандық өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Біріккен Араб Әмірліктерінің соты 2025 жылдың сәуірінде Дубай қаласында Өзбекстан азаматтарының қатысуымен болған қанды төбелеске қатысты іс бойынша үкімін жариялады

Дубайда төбелеске қатысқан алты өзбекстандық өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Біріккен Араб Әмірліктерінің соты 2025 жылдың сәуірінде Дубай қаласында Өзбекстан азаматтарының қатысуымен болған қанды төбелеске қатысты іс бойынша үкімін жариялады. Жергілікті БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, 22 қаңтар күні өткен ашық сот отырысында алты айыпталушы өлім жазасына кесіліп, тағы бір адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты ресми түрде растап, сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Сонымен қатар министрлік бұл үдеріс бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында әлеуметтік желілерде Дубай қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде өзбекстандықтардан құралған екі қылмыстық топ арасында ірі қақтығыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Мәліметтерге сәйкес, жанжал барысында бір адам пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмса, ал тағы бір адам комаға түскен.
Оқиғадан кейін Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі аталған жанжалға қатысы бар деген күдікпен 15 Өзбекстан азаматының ұсталғанын хабарлады. Кейінірек комаға түскен азаматтың да ес жимастан қайтыс болып, қаза тапқандар саны екіге жеткені белгілі болды.
Жергілікті БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, бұған дейін өзара келіспеушілігі болған екі топтың мүшелері жанармай құю бекетінде кездейсоқ ұшырасқан. Қызыл түсті Mercedes көлігінен түскен адамға бірнеше адам жүгіріп барып, пышақпен шабуыл жасаған. Оның жанында болған серігі оқиға орнынан қашпақ болғанымен, көп ұзамай ұсталып, аяусыз соққыға жығылған.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·