«Бейнет аяқ астынан келеді. Жақында кішкентай Алуа туралы жазып, біздің орталықта кешенді оңалту курсынан өтуді ұсынғанымызды жеткізген едім. Кеше Алуа анасымен бірге орталығымызға оңалту емін алуға келіп түсті», – деді ол.Ажар Ғинияттың айтуынша, Алуа – жарақат салдарынан тұйықталып қалған бала. Ол әсіресе медициналық киімдегі мамандарға сенімсіздікпен қарайды. Сондықтан алғашқы күндері психологтар мен физиотерапевттер баламен жұмыс істей бастаған. «Жағдайына қарай біртіндеп дефектолог, ойын терапевттері, ЛФК нұсқаушылары және басқа да мамандар қосылады. Ем шипа болсын», – деді орталық басшысы. Еске салайық, 2 маусым күні Астанада жолаушылар автобусы Республика даңғылы бойында жол жиегіндегі бағанға соғылған. Апат салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде алтауы – бала.
Екі аяғынан айырылған Алуа ұлттық оңалту орталығында емін бастады
2 маусым күні Астанада болған жол-көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған 8 жасар Алуа бүгінгі күні Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында емін бастады,деп хабарлайды Todayinfo. Орталықтың директоры, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі Ажар Ғиният баланың жағдайы жайлы өзіні

2 маусым күні Астанада болған жол-көлік апаты салдарынан ауыр жарақат алған 8 жасар Алуа бүгінгі күні Балаларды оңалтудың ұлттық орталығында емін бастады,деп хабарлайды Todayinfo.
Орталықтың директоры, ҚР Денсаулық сақтау экс-министрі Ажар Ғиният баланың жағдайы жайлы өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·