Экс-дипломат Сәкен Мамаш Астанада қамауға алынды
Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеген қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш Астана қаласында қамауға алынды,деп хабарлайды Todayinfo. Полиция мәліметінше, елшінің бұрынғы кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты 2023 жылы заңды некедегі әйелін жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қылмыс

Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс істеген қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш Астана қаласында қамауға алынды,деп хабарлайды Todayinfo.
Полиция мәліметінше, елшінің бұрынғы кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты 2023 жылы заңды некедегі әйелін жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Тергеу аясында жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар жүргізіліп, жеткілікті дәлелдер жиналған.
Тергеу соты нәтижесінде Мамашты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады.
Ішкі істер министрлігі мәліметіне сәйкес, күдіктіге Қылмыстық кодекстің «азаптау» бабымен іс қозғалған.
2024 жылдың мамыр айының басында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жүріп жатқанда, Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш көпшіліктің назарын аударған видеоүндеу жариялады. Онда ол он жыл бойы күйеуінің тарапынан көрген зорлық-зомбылық туралы баяндап, балаларымен бірге Астанаға оралғанын жеткізген.
Бұдан кейін Сыртқы істер министрлігі Мамашты жедел түрде елге қайтарып, қызметінен босатты.
Related

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

News
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

News
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·

News
«Екінші маусымда үйден шығып кеткен»: Қызылордада каналдан қыздың денесі табылды
Жаннұр Еділбаева·