Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ел орыс тіліне мұқтаж — президент

Бүтін ел орыс тіліне мұқтаж. Осылай деген президент Путинге жалпақтап, алғыс айтқан, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Қырғызстанға орыс тілі қажет екенін Садыр Жапаров Ресей президентіне тікелей жеткізген. «Путин орыс тілін қолдағанымыз үшін алғысын білдірді. Шындығында, орыс

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Ел орыс тіліне мұқтаж — президент

Бүтін ел орыс тіліне мұқтаж. Осылай деген президент Путинге жалпақтап, алғыс айтқан, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Қырғызстанға орыс тілі қажет екенін Садыр Жапаров Ресей президентіне тікелей жеткізген.

«Путин орыс тілін қолдағанымыз үшін алғысын білдірді. Шындығында, орыс тілі бізге мұқтаж емес, керісінше біз орыс тіліне мұқтажбыз. Онсыз Қырғызстаннан шығу бізге қиын болады. Көршілерді алайық — Өзбекстан, Тәжікстан: орыс тілінсіз ол жақта сөйлесе алмайсыз», — деген Жапаров.

Оның сөзін «Орталық Азия жаңалықтары» арнасы таратты. Кейбір саясаткерлердің республикадағы орыс тілінің мәртебесін өзгерту жөніндегі бастамаларын Жапаров дұрыс емес деп атады.

Фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

Related

Ел орыс тіліне мұқтаж — президент · Todayinfo