Todayinfo.kz
NewsView all articles

Елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылмақ

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет өкілдері мен облыс әкімдері қатысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Премьер-министр министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға

By Айғаным Нариманова··1 min read
Елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылмақ
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет өкілдері мен облыс әкімдері қатысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Премьер-министр министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен әрі түсінікті түрде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
“Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Related

Елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылмақ · Todayinfo