Ер адам әйелін күрекпен ұрып өлтіріп, денесін орманда жасырған
Ставрополь өлкесінде 46 жастағы Андрей есімді азамат жұбайын өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен келді,деп хабарлайды Todayinfo. Қанды оқиға Железноводск қаласында орын алған. Жұма күні кешке ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күйеу

Ставрополь өлкесінде 46 жастағы Андрей есімді азамат жұбайын өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен келді,деп хабарлайды Todayinfo.
Қанды оқиға Железноводск қаласында орын алған. Жұма күні кешке ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күйеуі әйелін күрекпен ұрып-соғып, соққының ауырлығынан ол сол жерде көз жұмған.
Қылмысты жасыру мақсатында Андрей марқұмның денесін 200 литрлік бөшкеге салып, оны орманға апарған. Айғақтарды жасыру үшін ол әйелінің көлігін пайдаланып, кейін ізін жасыру мақсатында бірнеше түрлі көлік ауыстырған.
Алайда, екі күн өткен соң, ар-ожданы маза бермеген ер адам полицияға өзі келіп, болған жағдайды толық баяндап, дененің орналасқан жерін де көрсеткен.
Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Related

News
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

News
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

News
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

News
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·