Ер адам маса шаққаннан кейін үш ауру жұқтырып, комаға түсті
АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында масаның шаққан соң үш түрлі ауруға шалдыққан ер адам ауруханадан шықты. WCAX порталынадағы мәліметтерге қарағанда, 55 жастағы Джо Кейси тамыз айында маса шаққаннан кейін шығыстық жылқы энцефалитін жұқтырған. Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қауіп

АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында масаның шаққан соң үш түрлі ауруға шалдыққан ер адам ауруханадан шықты.WCAX порталынадағы мәліметтерге қарағанда, 55 жастағы Джо Кейси тамыз айында маса шаққаннан кейін шығыстық жылқы энцефалитін жұқтырған.
Бұл орталық жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирустық ауру. Ауру негізінен жылқылар арасында таралады, бірақ адамдарға да жұғуы мүмкін. Ауруды масалар тасымалдайды.
Бас ауырып, ждене қызуы көтеріледі. Сонымен қатар дене қалтырап, әлсіздік, құсу және тырысулар болады.
Ал батыс Ніл вирусында және Сент-Луис энцефалитінде кома түсу жағдайы басым. Соның салдарынан ол комаға түсіп, онда үш апта жатқан. Бұл уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Оянғаннан кейін ер адам жүре де, сөйлей де алмады.
Үш аурумен күресу Кейсидің иммундық жүйесін қатты әлсіреткен. Оның ми жасушаларына қысым түсірген, бас сүйегінде сұйықтық жиналғаны анықталды. Дәрігерлер ер адамның жағдайын аномалиялық деп атады. Олар жылына тек 1000 америкалыққа осы аурулардың біреуі ғана диагноз қойылатынын атап өтті.
Америкалықтарға күн батқаннан кейін көшеге шықпауға кеңес берілді.
Джо Кейсиге 2,5 айға созылатын оңалту курсынан өту қажет.
Ол ата-аналарға өздері мен балаларына үнемі масаларға қарсы спрей қолданып жүруді ескертіп, "Жаудың көлеміне қарап кемсітпеңіздер" деп АҚШ тұрғындарына үндеу жасады.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·