Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Еріккендер»: қазақ әйелдері Дубайда топ-тобымен тұсауын кескізді

Желіде бір топ қазақ әйелдің Дубайға барып, бір-бірінің тұсауын кесіп, рәсім өткізіп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo . Бейнежазбада бәрі бірдей ақ көйлек киген әйелдер жиналып, жерге «тәй-тәй» деген жазуы бар кілемше төсеп қойған. Ересек әйелдер аяғын енді басқан

By Жаннұр Еділбаева··2 min read
«Еріккендер»: қазақ әйелдері Дубайда топ-тобымен тұсауын кескізді
Желіде бір топ қазақ әйелдің Дубайға барып, бір-бірінің тұсауын кесіп, рәсім өткізіп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Бейнежазбада бәрі бірдей ақ көйлек киген әйелдер жиналып, жерге «тәй-тәй» деген жазуы бар кілемше төсеп қойған. Ересек әйелдер аяғын енді басқан бүлдіршіннің рөліне еніп, тобығына екі адамға жіп байлатқызып,қайшымен қиғызып жүр. Әйелдердің бірі «тұсаукесерін» тым әсерлі қабылса керек, көзіне жас алып жатыр. Ал артқы фонда әнші Жазира Байырбекованың тұсаукесер тойларда шырқап жүрген әні ойнап тұр. Мұндай «заманауи» тұсаукесердің мән-мағынасын түсінбеген жұрт түрлі пікір жазып қалдырып жатыр.
«Осы жасқа келгенде мұндай рәсімді не үшін өткізеді», «жолына таңдау неге қоймадыңдар: таксист, банкир, музыкант, миллионер, таңдау бермей ренжітіпсіңдер ғой», «еріккендер-ай», «мыналарға не болған, осыны түсіруге ұялмайсыңдар ма», «60-қа келгенде бір-ақ кеспедіңдер ме», деген пікірлер жазды желі қолданушылары.
Айта кетсек, қазақ дәстүрінде тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Кейінгі кезде осы бір қадірлі ғұрыптың мәнін бұрмалау белең алғандай. Өйткені ересек әйелдердің тұсауын кесу әрекеті желілерде жиі жарияланып тұрады. Фото: @vicon.lash/скрин

Related

«Еріккендер»: қазақ әйелдері Дубайда топ-тобымен тұсауын кескізді · Todayinfo