Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары болмақ, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото: primeminister.kz
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының орынбасары болмақ, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Осыған дейін Ерұлан Жамаубаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған еді.
Ақордада бірқатар тағайындаулар өтті.
Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Related

News
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

News
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·