Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Ескі жүйенің тамыры әлі кесілген жоқ – Ермұрат Бәпи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи елдегі реформалардың баяу жүзеге асып жатқанын мәлімдеп, ескі жүйенің әлі де ықпалын жоғалтпағанын айтты,деп хабарлайды Todayinfo. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасынан кейін басталған өзгерістер толық орындалған жоқ, ал бұрынғы биліктің "адамдары" түрлі ж

By Айғаным Нариманова··1 min read
Ескі жүйенің тамыры әлі кесілген жоқ – Ермұрат Бәпи
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи елдегі реформалардың баяу жүзеге асып жатқанын мәлімдеп, ескі жүйенің әлі де ықпалын жоғалтпағанын айтты,деп хабарлайды Todayinfo. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасынан кейін басталған өзгерістер толық орындалған жоқ, ал бұрынғы биліктің "адамдары" түрлі жолдармен кедергі жасап келеді.
«Ескілердің ерегескен қарсылығы Қаңтардан кейін де дамыл тапты дей алмаймыз. Қазыналық-бюджеттік астаудан қағылған, халықтық мұраға мұртын батыру дағдысына қайтып оралуды аңсаған олардың астыртын айқасы әлі де жалғасып жатыр», – деді депутат.
Сонымен қатар, ол халықтың активтерін қайтару процесінің толық жүзеге аспағанын айтып, нақты сұрақ қойды. «Президенттің тілімен айтқанда, ел қазынасының жартысын иеленіп алған олигархаттан қайтарылуы тиіс активтер қайда?» Сондай-ақ, әкімдердің сайлану процесіне тоқталған депутат бюджетсіз биліктің әлсіз екенін атап өтті: Ермұрат Бәпидің айтуынша, егер реформалар жарты жолда тоқтаса, "Жаңа Қазақстан" идеясы тек ұран болып қалуы мүмкін.

Related

Ескі жүйенің тамыры әлі кесілген жоқ – Ермұрат Бәпи · Todayinfo