Todayinfo.kz
NewsView all articles

Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақша жазба жариялап таң қалдырды

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін қазақ тілінде жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo .  Ол Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды. «Мен жаңа ғана Қазақстан президенті  @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақша жазба жариялап таң қалдырды
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін қазақ тілінде жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo Ол Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
«Мен жаңа ғана Қазақстан президенті  @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық», - деп жазды Макрон.
Фото: EPA

Related

Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақша жазба жариялап таң қалдырды · Todayinfo