“Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу, күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылды. Қазір Ресей тарапымен белсенді хат алмасу жүріп жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл жасау тек Бас прокуратураның құзырындағы мәселе. Алдағы шешімді уәкілетті орган Бас прокуратура қабылдайды”, – деді Санжар Әділов.
Германияда қазақстандық экс-судьяның өліміне қатысты тергеу уақытша тоқтатылды
Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Мәжілістегі брифингте журналист

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Мәжілістегі брифингте журналистер марқұмның күйеуі Александр Донцовтың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Донцов пен анасы екеуіне аталған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланған.
Санжар Әділовтің айтуынша, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу күдіктілерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған. Қазақстан тарапы Ресей жағымен белсенді хат алмасып жатыр. Ал басқа елдермен өзара іс-қимыл мәселелері Бас прокуратураның құзыретіне жатады.
Related

News
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

News
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

News
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

News
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·