Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Голливудтағы қайғылы жағдай: әйгілі режиссер Роб Райнер мен әйелі өлі табылды

Лос-Анджелесте әлемдік киноның жарық жұлдызы, әйгілі режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Сингер Райнер өз үйінде өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, ал негізгі куәгер ретінде олардың ұлы тергеуге алынды. Бұл туралы Todayinfo портал

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Голливудтағы қайғылы жағдай: әйгілі режиссер Роб Райнер мен әйелі өлі табылды

Лос-Анджелесте әлемдік киноның жарық жұлдызы, әйгілі режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Сингер Райнер өз үйінде өлі күйінде табылды. Қазіргі уақытта полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, ал негізгі куәгер ретінде олардың ұлы тергеуге алынды. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

Америкалық People басылымының дерегінше, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30 шамасында шұғыл қызметке қоңырау түскен. Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер 78 жастағы режиссер мен оның 68 жастағы жарының өмірден өткенін растауға мәжбүр болды.

Бұл суыт хабар Голливудты ғана емес, бүкіл әлемдегі киносүйер қауымды дүр сілкіндірді. Себебі Райнердің фильмдерін көрмеген адам кемде-кем.

Күдікке ілінген ұлы және есірткі мәселесі

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ерлі-зайыптының 32 жастағы ұлы Ник Райнерді тергеп жатыр. Әзірге оған ресми айып тағылмаған және қамауға алынған жоқ. Полиция департаменті тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат беруден бас тартты.

Айта кетерлігі, Ник бұған дейін берген сұхбаттарында есірткіге тәуелділікпен ұзақ жылдар бойы күресіп келе жатқанын ашық айтқан болатын. Тіпті оның өмірінде үй-күйсіз далада түнеген ауыр кезеңдер де болған. Бұл жағдай тергеу барысына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Әлемдік кинодағы орны: Роб Райнер несімен танымал?

Роб Райнер — америкалық кинематографияның нағыз аңызы. Оның шығармашылығы бірнеше буын көрерменнің жүрегінен орын алған.

Ол «Гарри Саллимен кездескенде» (When Harry Met Sally) романтикалық комедиясы, психологиялық триллер жанрындағы «Мизери» (Misery) және «Бірнеше жақсы жігіттер» (A Few Good Men) сияқты культтік фильмдерді түсірген. Сондай-ақ, көрермен оны «Уолл-стрит қасқыры» (The Wolf of Wall Street) фильміндегі жарқын рөлі арқылы жақсы таниды.

Related

Голливудтағы қайғылы жағдай: әйгілі режиссер Роб Райнер мен әйелі өлі табылды · Todayinfo