Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Гормон ойнап тұр деп қыз сұраса, не болмақ?» – Мұхаммеджан Тазабек қоғамға ой тастады

Қоғам қайраткері Мұхаммеджан Тазабек қазіргі қоғамдағы әдеп, ұят, ізет сынды ұлттың рухани ұстынын сақтау қажеттігін ескертті,деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, адамзатқа ортақ табиғи қажеттіліктер мен құндылықтар бар, бірақ олардың бәрі ашық, анайы түрде айтылмауы керек. «

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Гормон ойнап тұр деп қыз сұраса, не болмақ?» – Мұхаммеджан Тазабек қоғамға ой тастады
Қоғам қайраткері Мұхаммеджан Тазабек қазіргі қоғамдағы әдеп, ұят, ізет сынды ұлттың рухани ұстынын сақтау қажеттігін ескертті,деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, адамзатқа ортақ табиғи қажеттіліктер мен құндылықтар бар, бірақ олардың бәрі ашық, анайы түрде айтылмауы керек.
«Бір жас жігіт келіп, өз нәпсі талабын тікесінен айтса, оған ешкім риза болмас еді. Ал егер ол ойындағысын мәдениетті, жауапкершілікпен жеткізсе, нәтиже де, қабылдау да басқаша болары анық», – дейді ол.
Ол қазіргі қоғамда «еркіндік» деген ұранмен ұлттың ұяты мен әдеп-ибасы ескерусіз қалып жатқанын, дәстүрлі құндылықтардың табанға тапталып бара жатқанын сынға алды.
«Бүгінгі қоғамда ынжықтық пен тәртіптілік, анайылық пен ашықтық, бетпақтық пен принципшілдік арасын ажыратпайтын жағдайлар көбейді. Мұндай түсініксіздік пен шекарасыздықтың салдары ауыр болуы мүмкін», – деп түйіндеді Мұхаммеджан Тазабек.

Related

«Гормон ойнап тұр деп қыз сұраса, не болмақ?» – Мұхаммеджан Тазабек қоғамға ой тастады · Todayinfo