Todayinfo.kz
NewsView all articles

Гүлзира Айдарбекова: «Қайрат Нұртасты Ресей продюсерлері Дима Билан сияқты танымал етуді ұсынды»

Белгілі қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ресейлік медиа саласының Қайрат Нұртасты жиі шақырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлына Ресейде үлкен танымалдылыққа жету мүмкіндігі ұсынылған, алайда ол бұл ұсыныстан бас тартқан,деп хабарлайды todayinfo. «Дима Билан сияқты жұлды

By Айғаным Нариманова··1 min read
Гүлзира Айдарбекова: «Қайрат Нұртасты Ресей продюсерлері Дима Билан сияқты танымал етуді ұсынды»

Белгілі қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ресейлік медиа саласының Қайрат Нұртасты жиі шақырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұлына Ресейде үлкен танымалдылыққа жету мүмкіндігі ұсынылған, алайда ол бұл ұсыныстан бас тартқан,деп хабарлайды todayinfo.

«Дима Билан сияқты жұлдыз жасаймыз» деген ұсыныс

Продюсердің айтуынша, Ресейдің танымал тележобасы — «Добрый вечер» бағдарламасының бас продюсері арнайы кездесуге шақырып, Қайрат Нұртасты өз жобасына қатыстыруды ұсынған.

 «Маған келіп: “Бізге бер, Дима Билан сияқты жұлдыз етеміз” деді. Бірақ мен бұл ұсынысты бірден қабылдамадым. Себебі сол уақытта Қайраттың өз отбасы бар еді», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайраттың ерекше дауысын естіп, бағдарламаға шақырған

Гүлзира Айдарбекова ресейлік продюсермен болған әңгіменің ерекше әсер қалдырғанын айтады. Продюсер өз сөзінде Қайрат Нұртастың дауысын алғаш естіген сәтін былайша сипаттаған:

«Бір күні түсірілім алаңында жүргенде жанымдағы құрбыммен сөйлесіп тұрдым. Ән айтып жатқандарға назар аудармай жүргенімде, бір ерекше дауыс елең еткізді. Содан кейін интернетті ақтарып, сіздерді тауып алдым. Кейін бағдарламаға да шақырдым», — деген.

«Өзге елде сұлтан болғанша...» деген шешім

Алайда Гүлзира Айдарбекова бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартқанын ашық айтты.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ұстанымды ұстанып, Қайраттың Қазақстанда өнерін жалғастырғанын жөн санадым», — деді ол.

Related

Гүлзира Айдарбекова: «Қайрат Нұртасты Ресей продюсерлері Дима Билан сияқты танымал етуді ұсынды» · Todayinfo