Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді
2025 жылғы 21 сәуірде Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ресми сапармен Қазақстанға келді. Оны Түркістан халықаралық әуежайынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарла

2025 жылғы 21 сәуірде Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов ресми сапармен Қазақстанға келді. Оны Түркістан халықаралық әуежайынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзі күтіп алды.Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар аясында мемлекет басшысы мен мәртебелі қонақ бейресми кездесуде екі ел арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістан қаласындағы бірқатар мәдени және тарихи нысандарды бірге аралап көреді.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары сенімді серіктестік негізінде дамып келеді. Екі ел президенттерінің тұрақты кездесулері мен жоғары деңгейдегі сапарлар өңірлік тұрақтылық пен экономикалық өзара іс-қимылды арттыруға ықпал етуде.
Related

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·