Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Халықтың сенімін қорлап отырған: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Todayinfo. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының т

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Халықтың сенімін қорлап отырған: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды
Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Todayinfo. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан", - деді ІІМ өкілдері.
Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, - делінген полиция Polisia.kz хабарламасында.
Фото: видеодан кадр ІІМ: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды  

Related

Халықтың сенімін қорлап отырған: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды · Todayinfo