Todayinfo.kz
NewsView all articles

Home Credit Bank-тің   100% акциясын «ForteBank» сатып алды

2025 жылғы 27 маусымда «Home Credit Bank» АҚ Қазақстандағы 100% акциясын «ForteBank» АҚ-ның акционерлеріне сату жөнінде принциптік келісімге келгенін ресми түрде хабарлады. Бұл мәміле еліміздің қаржы нарығындағы ірі өзгерістердің бірі болмақ,,деп хабарлайды Todayinfo . Мәміленің

By Айғаным Нариманова··1 min read
Home Credit Bank-тің   100% акциясын «ForteBank» сатып алды
2025 жылғы 27 маусымда «Home Credit Bank» АҚ Қазақстандағы 100% акциясын «ForteBank» АҚ-ның акционерлеріне сату жөнінде принциптік келісімге келгенін ресми түрде хабарлады. Бұл мәміле еліміздің қаржы нарығындағы ірі өзгерістердің бірі болмақ,,деп хабарлайды Todayinfo. Мәміленің ресми түрде аяқталуы Қазақстан Республикасының екі мемлекеттік реттеуші органынан – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА), сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан келісім алғаннан кейін жүзеге асады деп күтілуде. «Home Credit Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, бұл өзгеріс банк клиенттері үшін қызмет көрсету сапасын арттыруға серпін береді. Сонымен қатар:

«Бұл мәміле банк пен оның клиенттері мен серіктестері арасындағы қазіргі жұмысқа еш әсер етпейді. Біз барлық міндеттемелерімізді толық көлемде орындауды жалғастырамыз», – деді Бачваров.

Барлық қолданыстағы келісімшарттар мен шарттар сол күйінде қалады, ал банк клиенттерге бұрынғы тәртіппен қызмет көрсетуді жалғастырады.

       

Related

Home Credit Bank-тің   100% акциясын «ForteBank» сатып алды · Todayinfo