Іле ауданында оқушылардың таяқ жегеніне қатысты ресми түсініктеме берілді
Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы,қорғаншылық,қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Айжан Ізбасар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектеп оқушыларының тәртіптік мінез-құлқына байланысты құқық бұ

Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы,қорғаншылық,қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Айжан Ізбасар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектеп оқушыларының тәртіптік мінез-құлқына байланысты құқық бұзушылық фактісі анықталғанын хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Алдын ала жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында орын алғаны, ал құқық бұзушылыққа жол берген оқушы 2025 жылдың наурыз айында басқа мектепке ауыстырылғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті қарастыру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Тексеру іс-шаралары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ жүйелі сипаттағы бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу мақсатында мониторинг жүргізілуде.
Тексеру нәтижелері бойынша оқиғаға қатысқан оқушылармен қатар, тәрбиелік жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмаған және жоғары тұрған органдарды уақытылы хабардар етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады.
Білім басқармасы қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір баланың құқығын қорғау қағидаттарын берік ұстанатынын мәлімдейді.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·