Илхам Әлиев Путиннің парадына қатыспайды
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараға бармайтын болды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы Кремль өкілі Юрий Ушаков мәлімдеді. Ресей президентінің көмекшісі Әлиевтің келмеу себебін Әзербайжандағы ішкі іс-шар

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараға бармайтын болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы Кремль өкілі Юрий Ушаков мәлімдеді.
Ресей президентінің көмекшісі Әлиевтің келмеу себебін Әзербайжандағы ішкі іс-шаралармен түсіндірді. Дәл сол күні Әзербайжанда бұрынғы президент, Илхам Әлиевтің әкесі Гейдар Әлиевті еске алуға арналған мемлекеттік шаралар жоспарланған.
Бакудің шешімі Әзербайжанның сыртқы саясаттағы маневр алаңының кеңейгенін және бұрынғыдай Мәскеуге жалтақтамайтынын аңғартады.Айтқандай, Путиннің парадына шақырылған өзге де сыйлы қонақтар орта жолдан үйіне оралуы мүмкін. Бұған себеп украин дрондары.
6 мамырда Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан кейін Ресейдегі ірі әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатқан. 60 мыңға жуық адам діттеген жеріне жете алмай, 350-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілген.
Бір рейстің кешігуі екінші рейске әсер етіп, мәселе домино қағидатымен шиеленісу үстінде.
Фото: ЖИ
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·