Индонезияда балық соғып кеткен турист көз жұмды
Индонезияда италиялық серферші қыз семсер-балықпен соқтығысқан соң көз жұмды. Il Messagero басылымының мәліметінше, 36 жастағы Манфрини 19 қазанда Пулау Масокут аралында серфингпен шұғылданып жүрген. Кенет судан секіріп шыққан семсер-балық әйелге соғылып, үшкір тұмсығы дәл жүрегі

Индонезияда италиялық серферші қыз семсер-балықпен соқтығысқан соң көз жұмды. Il Messagero басылымының мәліметінше, 36 жастағы Манфрини 19 қазанда Пулау Масокут аралында серфингпен шұғылданып жүрген. Кенет судан секіріп шыққан семсер-балық әйелге соғылып, үшкір тұмсығы дәл жүрегіне қадалған.
Серферші тек достарын шақырып үлгерген. Олар алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған екен. Алайда Манфрини ауруханада жан тапсырды. Қазіргі таңда оның мәйітін Италияға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Манфрини Италияның Венария-Реале қаласында 1988 жылы туған. Бірнеше жыл бұрын Португалияға көшіп кеткен екен. Кәсіби заңгер қызметін ұсынып, шаңғы және сноуборд, серфингтен жаттықтырушы болған.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·