Иракта шииттер қыздарды 9 жастан бастап күйеуге беретін заң жобасын ұсынды
Иракта шииттер "қыз баланың тұрмысқа шығу жасын 9-ға дейін төмендететін" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Quardian Заң жобасына қарсы шыққандар заң жобасы тоғыз жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат беріп, әйелдердің құқықтарын шектеп, дін қызметкерлеріне көбірек өкілеттіктер бер
Иракта шииттер "қыз баланың тұрмысқа шығу жасын 9-ға дейін төмендететін" заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Quardian
Заң жобасына қарсы шыққандар заң жобасы тоғыз жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат беріп, әйелдердің құқықтарын шектеп, дін қызметкерлеріне көбірек өкілеттіктер беруі мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Иракта тоғыз жасар қыздарға некеге тұруға рұқсат беретін заң жобасы ел бойынша наразылықтар туғызып, әйелдер құқықтары қозғалысының белсенділері оны "балаларды зорлауды заңдастырады" мәлімдеді.
Ирактың саяси жүйесінде үстемдік ететін шиит діни топтары елдегі әйелдердің құқықтарын шектеуге он жылдан астам уақыт бойы ұмтылып келеді.
Көрші Сауд Арабиясынан айырмашылығы, Иракта әйелдерден некеге тұру немесе басқа маңызды өмірлік шешімдер қабылдау үшін күйеуінен, әкесінен немесе жынысы ер қамқоршысынан рұқсат алуды талап ететін ерлердің қамқорлық жүйесі жоқ.
Дегенмен, осы аптада Ирак парламентінде алғашқы оқылымнан өткен жаңа ұсыныс бойынша, отбасылық мәселелер, соның ішінде неке, ажырасу және балаларды күту мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау құқығы діни билікке өтеді.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·