Иран АҚШ- тың 4 мың км қашықтықтағы базасына зымыран ұшырды
Иран алғаш рет Диего-Гарсия аралындағы АҚШ пен Ұлыбритания базасына орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады, деп жазады WSJ . Зымырандардың ешқайсысы нысанаға жеткен жоқ: біреуі атып түсірілді, екіншісі істен шықты. Бірақ бастысы – соққының өзі емес, қашықтығы

Иран алғаш рет Диего-Гарсия аралындағы АҚШ пен Ұлыбритания базасына орта қашықтықтағы баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады, деп жазады WSJ.
Зымырандардың ешқайсысы нысанаға жеткен жоқ: біреуі атып түсірілді, екіншісі істен шықты.
Бірақ бастысы – соққының өзі емес, қашықтығы. Арал Ираннан шамамен 4000 км жерде орналасқан.
Иран өзінің бұрын ойлағаннан әлдеқайда алысқа соққы жасай алатынын көрсетті.
Бұған дейін Иран стратегиялық маңызды Харк аралын басып алуға әрекет жасалса, АҚШ-қа «бұрын-соңды болмаған жауап» беретінін ескерткен.
Тегеранның одақтастары Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазындағы маңызды бағыттарға соққы жасауы мүмкін.
Фото: x.com/Iran's Today
Related

News
В Туркестане осудили 27 участников ОПГ за хищение более 3 млрд тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Более 112 тонн ГСМ пытались незаконно вывезти из Казахстана с начала июля
Жаннұр Еділбаева·

News
Эксперт: качество сельских школ может стать одним из главных драйверов роста экономики Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

News
«Келін болатын қыз екен»: Танымал трансгендер бүтін бір ауылды шулатты
Айғаным Нариманова·