Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Күш көрсетсең қарсы жауап береміз»: Иран СІМ басшысы Трампқа ескерту жасады

Иран Сыртқы істер министрі ядролық келісім бойынша жаңа ұсыныс дайындалғанын айтып, АҚШ президенті Дональд Трампқа қатаң ескерту жасады.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
«Күш көрсетсең қарсы жауап береміз»: Иран СІМ басшысы Трампқа ескерту жасады
Иран ядролық келісім бойынша жаңа ұсыныс дайындап жатыр, ал Сыртқы істер министрі АҚШ президенті Дональд Трампқа қарата қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи америкалық MS NOW арнасына берген сұхбатында ядролық келісім бойынша ұсынылатын жобаның үш күн ішінде аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Женевада өткен келіссөздерде АҚШ тарапынан уранды толық байытпау туралы талап қойылмаған. "Мен алдымен жоғары басшылықтың мақұлдауын алуым керек, содан кейін оны АҚШ-қа жолдаймын. Біз америкалықтарды жауымыз деп санамаймыз. Өкінішке қарай, АҚШ үкіметтерімен қарым-қатынаста жақсы тәжірибеміз болмады", - деді Арақчи. Сұхбат барысында ол АҚШ президенті Дональд Трампқа тікелей үн қатты:
"Егер бізбен күш көрсету тілінде сөйлессеңіздер, біз де дәл сол тілмен жауап береміз. Бұрынғы АҚШ үкіметтері бізге қарсы бәрін сынап көрді: соғыс, санкциялар, "снэпбэк" механизмі – бәрін. Бірақ ешқайсысы нәтиже берген жоқ".
Министр Иран халқы тек құрметке лайық қарым-қатынасты қабылдайтынын баса айтты.
"Егер олар Иран халқымен құрмет тілінде сөйлессе, біз де сол тілде жауап береміз. Менің ойымша, ирандықтар өздерінің намысты халық екенін дәлелдеді және тек құрмет тіліне ғана жауап береді. Бізбен сөйлесудің жалғыз жолы – осы", – деп түйіндеді ол.
Фото: Әлеуметтік желіден

Related

«Күш көрсетсең қарсы жауап береміз»: Иран СІМ басшысы Трампқа ескерту жасады · Todayinfo