Израиль хакерлердің көмегімен "Хезболланың" қолбасшысы Шукрды өлтірді
The Wall Street Journal газеті 30 шілде күні кешке Шукр Бейруттағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы кеңсесінде болғанын жазады. Оған әлдебіреулер телефон соғып, жетінші қабаттағы пәтеріне шығуын өтінген. Басылымның сенімді ақпарат көзі “Хизболла” мүшесін басқа ғимараттардың арасын

The Wall Street Journal газеті 30 шілде күні кешке Шукр Бейруттағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы кеңсесінде болғанын жазады. Оған әлдебіреулер телефон соғып, жетінші қабаттағы пәтеріне шығуын өтінген. Басылымның сенімді ақпарат көзі “Хизболла” мүшесін басқа ғимараттардың арасында тұрған ғимаратқа соққы беруді жеңілдету үшін бес қабат жоғары пәтерге кіргізгенін түсіндірді.
Шукр пәтерге келген кезде Израиль әскерилері ол жүрген ғимаратқа соққы берді. «Хезболла» қолбасшысымен қоса оның әйелі, бөлмеде болған тағы екі әйел және екі бала қаза тапты.
Израиль Шукрдің көзін құрту үшін барлау агенттіктері мен ұйымның ішкі коммуникацияларын бұзған хакерлердің жоғары технологиялық операциясының көмегіне жүгінген.
Газет 30 шілде күні кешке Шукр Бейруттағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы кеңсесінде болғанын жазады. Оған телефон соғып, жетінші қабаттағы пәтеріне шығуын өтінді. Wall Street Journal ақпарат көзі Хизболла мүшесін басқа ғимараттардың арасында тұрған ғимаратқа соққы беруді жеңілдету үшін бес қабат жоғары пәтерге кіргізгенін түсіндірді.
Шукр пәтерге келген кезде Израиль әскерилері оған соққы берді. «Хезболла» қолбасшысынан басқа оның әйелі, бөлмеде болған тағы екі әйел және екі бала қаза тапты.
Шукр «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың әскери операцияларды жоспарлау және басқарудағы оң қолы және кеңесшісі. Ол аталған ұйымға 1985 жылы келіп, содан бері бірқатар басшылық қызметтерді атқарған.
Хадж Мохсин деген атпен белгілі Шукрдің тағы бір лақап есімі – «аруақ». Оның жасырын өмір сүргені сонша, оның өлімі туралы хабарлаған ливандық ақпарат құралдары өзге адамның фотосуреттерін жариялаған.
Related

Politics
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Politics
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Politics
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·

Politics
АЭС құрылысы: Қазақстан мен Ресей стратегиялық келісімге қол қоймақ
Айғаным Нариманова·